top
top
Жаңалықтар

Аңдатпа «Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» 2023 маусым

Қазақстан Республикасының ЖОО және колледждері студенттерінің назарына!
«KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы ЖОО студенттері арасында «Student Energy Challenge» және колледждер оқушыларының арасында «Student Energy Challenge-Junior» атты жыл сайынғы командалық байқауының басталғаны жөнінде хабарлайды.

ЖОО және колледждер студенттерінің энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бағыттары бойынша жобаларын іске асыруға www.kazenergy.com сайтына өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 3 сәуірден басталады.

«Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» - стандартты емес идеялары мен мәселелерді шешудің жаңа тәсілдері бар студенттер үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Байқау шеңберінде қатысушыларда «Shell NXplorers» атты авторлық тренингке қатысып, сыни ойлау және сценариялық жоспарлау дағдыларын дамыту мүмкіндігі болады.

ЖОО студенттері үшін жалпы жүлде қоры 15 000 АҚШ долларын, колледж студенттері үшін 7 500 АҚШ долларын құрайды.

Дәл Сіз және Сіздің командаңыз Байқау жеңімпазы және грант иегері болып атануы әбден мүмкін!

Байқаудың барлық шарттары www.kazenergy.com – Білім беру бағдарламасы –– Student Energy Challenge немесе «Student Energy Challenge-Junior» командалық байқаулары сайтына орналастырылды!

Байқауға қатысу мәселелері бойынша +7 7172 790182 телефоны немесе sech2023@kazenergy.com, sech-junior2023@kazenergy.com е-mail бойынша хабарласуды өтінеміз.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.