top
top
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР ШАНХАЙДА CHINA HUADIAN КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шанхайда қазақстандық делегация мен Қытайдың ірі энергетикалық корпорацияларының бірі — China Нuadian Corporation Ltd өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың перспективаларын, энергетикадағы заманауи технологияларды дамыту, тиімді генерациялау, тиімді экологиялық технологияларды шолу, цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, делегация маневрлік режимде жұмыс істейтін қуаты 1560 МВт Шанхай бу-газ электр стансасының жұмысымен танысты. Белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің төмендігіне қарамастан, станса электр желісінің резервтік қуатын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бірегей инженерлік шешімдердің ішінде ЖЭО аумағында орналасқан қуаты 6 МВт/сағ энергияны жинақтау жүйелері және 5 МВт күн электр стансасы атап өтілді.

Бүгінгі таңда Қытай инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізу ісінде әлемдік көшбасшы болып табылады. Қытайдың энергетикалық секторын дамыту жоғары деңгейдегі мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстандық тарап China Нuadian Corporation тәжірибесі Қазақстанның энергетикалық жүйесін жаңғыртуда пайдалы болатынына сенім білдірді.

Изображение-WhatsApp-2025-04-14-в-15.24.17_d540fb53.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-14-в-15.24.17_9bad7e76.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-04-14-в-15.24.16_e281e657.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.