2025 жылдың 7 қарашасында KAZENERGY қауымдастығында Көкжиде құмды алқабы аумағында жүргізіліп жатқан геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулердің алдын ала нәтижелерін талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Энергетика министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Qazaq Oil Ақтөбе» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, «Adaoil» ЖШС, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және «Қазгидрогеология» ҰАО өкілдері қатысты.
Сәтбаев университетінің Қолданбалы гидрогеология ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Дулат Қалитов мұнай кен орындары мен жерасты су ресурстарын тиімді бірлесіп пайдалану мүмкіндігіне қатысты зерттеудің алдын ала нәтижелерін таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша зерттеу нәтижелері бойынша материалдарды Энергетика министрлігіне жолдау және оларды мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе қарастыру арқылы түпкілікті ұсынымдар әзірлеу туралы шешім қабылданды.
