top
top
Жаңалықтар

Астанада «Теңізшевройл» мен NCOC компаниясының электр энергиясының резервтік көлемін пайдалану мәселелері талқыланды

«KEGOC» АҚ алаңында KAZENERGY ұйымдастырған ірі операторлардың мәселелері бойынша кеңес өтті.

Қауымдастықтың, Энергетика министрлігінің, ҚР Бырыңғай электр жүйесінің операторы «KEGOC» АҚ, Теңізшевройл, NCOC өкілдері және олардың акционерлері электр энергетикасы саласын дамыту мәселелерін, оның ішінде компаниялардың пайдаланылмаған энергия қуаттарын ұлттық энергия жүйесіне электр энергиясының қосымша көлемі ретінде қолдануды және мұнай-газ кен орындарында ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) жобаларын енгізуді талқылады.

Батыс аймағында орналасқан негізгі мұнай және газ өндірушілердің жұмысы еліміздің Бірыңғай энергетикалық жүйесінен оқшауланған екені мәлім. Осыған байланысты энергиямен қамтамасыз етудің тұрақсыздығы және жүйелі апаттық өшірулер бүкіл облыс үшін, соның ішінде өндірістік және әлеуметтік нысандарға үлкен проблемалар туғызады.

Сонымен қатар ТШО мен NCOC кәсіпорындарының резервтік энергия қуаттары KEGOC-қа соңғы жылдары электр энергиясының қосымша көлемін беру жағдайын түзетуге бірнеше рет көмек берді. Себебі ірі жер қойнауын пайдаланушылардың Өнімді бөлу туралы келісім мен Әріптестікті құру туралы келісімге сәйкес электр энергиясын басқа ұйымдар мен тұтынушыларға сатуға құқығы жоқ.

KAZENERGY ірі компанияларға электр энергиясын өндіруге кеткен шығындарды өтеу шартымен резервтік қуаттар шеңберінде генерацияның белгілі бір көлемін беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл ұсыныс электр энергиясының көтерме және теңгерім нарығындағы субъектілердің қарым-қатынастарына қатысты бірқатар мәселелерді де шешеді.

Бұдан басқа жиынға қатысушылар мұнай-газ кен орындарында ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Бұл жер қойнауын пайдаланушылар тұтынатын тауарлық газдың бір бөлігін электр энергиясын өндіру үшін босатуға, генерацияның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне пайдалануға, қоршаған ортаға зиянды шығарындылар көлемін азайтуға және ішкі нарыққа, оның ішінде болашақ мұнай-химия жобалары үшін қосымша тауарлық газ жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кездесу барысында компаниялардың өкілдерін Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының Мүдделі тараптарының ұлттық кеңесі құрамына енгізу, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің алаңында проблемалық мәселелерді талқылау шеңберінде Қауымдастықтың жекелеген мүшелері мен KAZENERGY ұстанымдарын гармонизациялау мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа KAZENERGY қызметінің тиімділігін арттыру және Қауымдастықты дамытудың жаңа Стратегиясын қабылдау мәселесі қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар осы бағыттардағы жұмысты жандандырып, акционерлермен және мүдделі компаниялармен бірлесе отырып, ортақ ұстаным әзірлеуге келісті.

Кеңес шеңберінде KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әлібек Қуантыров пен Chevron компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директорының орынбасары Дилан Морганның екіжақты кездесуі өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған бірлескен жоспарларды қарады.

photo_5348095832940993153_y.jpg

photo_5348095832940993152_y.jpg

photo_5348095832940993150_y.jpg

photo_5348095832940993149_y.jpg

photo_5348095832940993091_y.jpg

photo_5348095832940993084_y.jpg

photo_5348095832940993089_y.jpg

photo_5348095832940993082_y.jpg

photo_5348095832940993081_y.jpg

photo_5348095832940993080_y.jpg

photo_5348095832940993079_y.jpg

photo_5348095832940993078_y.jpg

photo_5348095832940993077_y.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.