KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов «Машина жасау - өңдеуші өнеркәсіптің даму драйвері» атты Қазақстан машина жасаушыларының XII форумына қатысты.
Форум машина жасау саласының даму бағыттарын талқылайтын маңызды алаңға айналды.
Қаралған негізгі тақырыптар:
- Өндірістік роботтандыру мен автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыру;
-
Машина жасау кәсіпорындарын жүйелі қолдау шаралары;
-
Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және автокөлік жасауды дамыту;
-
ҚХР-мен машина жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.
Сала тұрақты өсуді көрсетуде:
2024 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісі 10%-ға артты, ал 2025 жылдың І тоқсанында бұл көрсеткіш 17%-дан асты. Бұл - мемлекеттік қолдаудың және бизнестің тиімді өзара іс-қимылының нәтижесі.
Форумда Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған құттықтау сөзді оқып берді. Онда машина жасау саласының ел экономикасының тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді.
KAZENERGY қауымдастығы машина жасау саласын отын-энергетика кешеніне (ОЭК) жақын және бір-бірін толықтыратын сала ретінде дамытуды қолдайды. Бұл сала - еліміздің индустриялық және технологиялық прогресінің маңызды бөлігі.
Мемлекет, бизнес және кәсіби қауымдастықтардың бірігуі - жоғары технологиялық және қуатты өнеркәсіптік негізді қалыптастырудың басты кілті.
