top
top
Жаңалықтар

ТАЗАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ ИНДЕКСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты энергетика апталығы аясында Орталық Азия ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі халықаралық озық тәжірибе орталығының директоры Дамир Нарынбаев БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған «Тазартылған Энергия Индексін (ТЭИ) дамыту және оны 7-ші Тұрақты даму мақсатына (ТДМ 7) қол жеткізу құралы ретінде қолдану» тақырыбындағы онлайн сессияға қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ТЭИ-дің энергияға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әр елдің тұрақты дамуын ілгерілету және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру жолындағы маңызын талқылады. Индексті қолдану елдер арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ ортақ есептеу әдістемесін әзірлеуге және таза энергетика саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Орталық ТЭИ-дің қолжетімді әрі экологиялық таза энергияны қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, «жасыл» жобаларды дамытуға бағытталған бастамаларда аталмыш индекстің қолданылуының маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолындағы дәйекті қадамдары, жаңартылатын энергия көздерін дамытуы және бизнес пен халықаралық серіктестерді «жасыл» энергияға көшу үдерісіне белсенді тартуы баяндалды.

Тазартылған Энергия Индексін техникалық жобаларға енгізу – ұйымдардың тұрақты даму мақсаттарына адалдығын көрсететін тиімді құрал ретінде бағаланып отыр. Бұл жоба экологиялық жауапкершілікті сандық тұрғыдан бағалауға және компаниялардың «жасыл» энергетиканы дамытуға деген бағдарын көрсетуге мүмкіндік береді.

Изображение-WhatsApp-2025-09-02-в-17.56.18_46017df2.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.