top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge»-2021 байқауына Сауалнама қабылдау аяқталғаны туралы

2017 жылы «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылық қолдауымен (бұдан әрі – Ұйымдастырушылар) жыл сайынғы «Student Energy Challenge» интеллектуалдық командалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялады.

«Student Energy Challenge» -2021 бесінші интеллектуалдық командалық байқауы (Байқау) қазақстандық студенттерді – энергетика саласындағы ең жарқын идеялардың авторларын тағы да біріктіреді. Бесжылдық құрметіне Байқау колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» компонентімен толықтырылды.

Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне энергетикадағы экологиялық қауіпсіздік саласында инновациялық идеялар; таза көмірдің инновациялары мен технологиялары, озық технологиялар мен тиімді шешімдерді (Big Data, бұлтты есептеулер, жасанды интеллект) енгізу; шикі газды өңдеу; көліктегі СО2 шығарындыларын азайту және т. б. әзірлеу мүмкіндігі беріледі.
Байқауға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша барлық оқу курстарының студенттері, сондай-ақ колледждердің барлық курстарының студенттері шақырылды.

ЖОО арасындағы жеңімпаз командалар Қазақстанның салалық кәсіпорындарында өз мамандығы бойынша кәсіби кеңес беруді, кәсіби диагностиканы және танымал кәсіпқойлардың менторлығын қамтитын ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Колледждер арасындағы жеңімпаз командаларға 2021-2022 оқу жылы ішінде ай сайынғы стипендия беріледі.
Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттік командаларынан өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 4 маусымда сағат 00.00-де аяқталды.

12 ЖОО атынан 44 команда және 23 колледжден 41 команда Байқаудың II кезеңіне өтеді.
А.ж. 7 маусымнан бастап 30 шілдеге дейін ЖОО-ның 44 командасы Байқаудың өздері таңдаған тақырыптары бойынша жоба паспорттарын әзірлеуі қажет.
Колледждердің 41 командасы жоба туралы видеорезюме әзірлеуге кірісіп, оны кейіннен Ұйымдастырушыларға 2021 жылғы 30 маусымға дейін ұсынады.

Командалардың толық тізімі төменде көрсетілген.
Командаларға сәттілік тілейміз!

Ұйымдастырушылар.

ҚР ЖОО 44 командасы

1. Қазақстан-Британ техникалық университеті
petro geeks; Alchemists; Aspan; Ecolution; SCE POWER; GoGreen; Northern Light; Mūnai; Inventive innovators; Spice Girls; Cargo; 5 Arys

2. Назарбаев Университет
Eco Harmony; DIB recycling; IMPULSE; NanoGuys; NUSMG; Dream Team; MUSTWIN; ReLife; PowerX; NU-22; EcoQadam

3. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институты
Golden; ЖасStars; Noble; Oil’up; Космос; Ауниг

4. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Petro.SU; Oilmen; Green team; PetrOwls

5. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Болашақ; Болашақ эколог; Жастар

6. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Air Flux; MUNAI ONDEYSHI

7. Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
Уoung designers

8. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
D.M.Z

9. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Buketov Business School

10. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Сhemical potential

11. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
UAVision

12. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Stardust Crusaders



Колледждердің 41 командасы

Ақмола облысы
1. Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы, Командалар: Energy of the Future; Экогруппа

Алматы облысы
2. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жанындағы Жансүгіров колледжі
Командалар: Zhansugurov college; IT ZH; Юристы 125

Атырау облысы
3. APEC PetroTechnic жоғары колледжі ЖШС, Командалар: S.A.S.; NCT; Western Power; Алтынкүрек
4. Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі
Командалар: Политех; Политех Атырау

Ақтөбе облысы
5. Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі МКҚК, Командалар: GreenTeam; CnH2n+
6. Ақтөбе Мұнай және газ колледжі ЖМ, Команда: Activite

Шығыс Қазақстан облысы
7. «Электротехника колледжі» КМҚК, Командалар: Шығысэнерго; Future energy
8. Өскемен жоғары политехникалық колледжі КМҚК, Команда: CyberPolitechnik

Батыс Қазақстан облысы
9. «Бөрілі колледжі» МКҚК, Команда: Safety first
10. Жоғары инженерлік-технологиялық колледждің ОҒҚ, Команда: ВИТК
11. Жоғары аграрлық-техникалық колледжі МКҚК, Командалар: Smart students; VATC electronic

Маңғыстау облысы
12. Маңғыстау энергетикалық колледжі МКҚК, Команда: Эқ 1/19

Павлодар облысы
13. Павлодар химия-механикалық колледжі КМҚК
Командалар: Energy; Aurum; Ecochem project; Northern Minds
14. Павлодар машина жасау колледжі ШЖҚ КМК, Команда: Energy Clab
15. Электроника және коммуникациялар жоғары колледжі ШЖҚ КМК, Команда: Тұлпар
16. Ақпараттық технологиялар колледжі ШЖҚ КМК, Команда: Voltage step

г.Алматы
17. Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Команда: Жаңашыл -Электрик
18. Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі МКҚК
Командалар: TMNT; KazEnergoGroup
19. Халықаралық бизнес академиясы колледжі, Команда: 11ОП

Нұр-Сұлтан қ.
20. KILC (Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық Колледжі)
Командалар: Arbitrium; Clean path; Pipe up
21. Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі
Команда: Nature school
22. «ASTANA POLITECHNIC» жоғары колледжі» ШЖҚ МКК
Командалар: ЭКОАНТРОП; NewDay; EcoHope
23. Көлік және коммуникация жоғары колледжі, Команда: Spark
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.