top
top
Жаңалықтар

ҚПО сарапшыларының «StudentDigitalFest» - 2021 командалармен кездесуі туралы

Ағымдағы жылғы 2 шілдеде “StudentDigitalFest” байқауы бойынша еліміздің 14 жетекші жоғарғы оқу орнынан 34 студенттік команданың Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (ҚПО) цифрландыру жөніндегі менеджері Глен Зондак мырзамен, ҚПО мамандарымен және сарапшыларымен және KAZENERGY қауымдастығымен байқаудың техникалық тапсырмаларының тақырыптары бойынша виртуалды кездесуі өтті.

Студенттік командалардың капитандары өз командаларын ұсынды және байқаудың таңдалған тақырыптарын жариялады. Биылғы жылы цифрландыру жарысында өткен жылғы «StudentDigitalFest» байқауына қатысып, тәжірибе жинақтаған балалар жарысады (Назарбаев Университет, Қазақстан-Британ техникалық университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ институты, Алматы энергетика және байланыс университеті) және екінші маусымның зияткерлік сынағына бірінші рет қатысқалы отырған университет командалары да бар (Astana IT-университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тұран университеті (Алматы қ.)).
Кездесу барысында қатысушыларға ҚПО қызметі және компанияда цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылды, техникалық мамандар Нұрғали Дінмұхамед, Қадырәлиев Азамат, Мұқанова Гүлнар, Бекталиева Дәмеш мақсат, міндет және күтілетін нәтижелер туралы, техникалық тапсырмалар бойынша жобаларды дайындау кезіндегі ерекшеліктер туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде студенттерді болашақ жобалардың төлқұжатымен жұмыс істеуге көмектесетін тапсырмалар, есептеу әдістері, ұлттық стандарттар және басқа да мәселелерге қатысты тақырыптар қызықтырды. Техникалық тапсырмаларды егжей-тегжейлі талқылау келесі аптадан бастап әр тақырып бойынша сараланған жеке онлайн-кездесулерде өтеді, онда балалар болашақ жобалық шешімдерді жақсартуға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта командалар мынадай үш тақырыптан тұратын техникалық тапсырмалар бойынша шешімдер әзірлеуге кірісті:
1. Ластаушы заттардың, парниктік газдардың шығарындыларын және энергия тиімділігін есептеуді автоматтандыру.
2. Ұңғымалардың тұтастығын бақылау процесін жақсарту және оңтайландыру үшін қысым датчиктерінің қашықтан істейтін жүйесін енгізу.
3. Техникалық сызбаларда көрсетілген таңбаларды сканерлеу және анықтау үшін үлгіні тануға негізделген іздеу жүйесін әзірлеу.
Шешімдерді әзірлеу ҚПО сарапшыларының тұрақты консультациясымен а.ж. 27 тамызына дейін жалғасады. “StudentDigitalFest” байқауы туралы толығырақ www.kazenergy.com
Командаларға табыс пен жеңіс тілейміз!

“StudentDigitalFest” қатысушы-командалардың тізімі – 2021

1. Алматы энергетика және байланыс университеті: Jojo Aupet Crusaders, androgynous, AkunaMatata;
2. Астана ИТ-университеті, AITU_15K;
3. С.Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ институты: A.A.J, SpaceWin, RICHGAS, Настрой;
4. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Digital_EKTU;
5. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, A-Energy;
6. С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті, Digital Chaos;
7. Қазақстан-Британ техникалық университеті: DTS, BOTTi, Munai;
8. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті: KRGGEOLTECH, Болашақ, KAZgolder, Mining Research Group Solutions Team, Энергия будущего;
9. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Phys-tech group;
10. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Shoqan;
11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті: AnBust, Winners Inc., Iteam;
12. Назарбаев Университет: SKYWALKERS, Axioma, 5HEAD, Free Radicals, 3 maiden boy, Polar, KazTech, PowerX
13. М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Dulaty Energy;
14. Тұран университеті (Алматы қ.), RE:BOOT

фото-4.jpg

фото-5.jpg

фото-9.jpg

a1.jpg

a2.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.