top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» байқауының финалына өткен командалар анықталды

KAZENERGY қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясы атынан «Student Energy Challenge» командалық зияткерлік байқауын ұйымдастырушылар (бұдан әрі - Ұйымдастырушылар) байқаудың кезекті кезеңінің - ұсынылған жобалардың паспорттарын сараптау аяқталғаны туралы хабарлайды.

Байқау шарттарына сәйкес 2021 жылғы 2-20 тамыз аралығында бағыттар бойынша салаларда да, сараптама қызметінде де жұмыс тәжірибесі бар, тиісті жұмыс бағыттары бойынша тартылған сарапшылар 14 команданың жобаларының паспорттарына тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізді.

Сараптама мынадай бағыттар бойынша байқаудың белгіленген өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылды: энергетика/электр энергетикасы, жаңартылатын және баламалы энергия көздері және т.б.); мұнай-газ және тау-кен өндіру саласы; озық технологиялар мен тиімді шешімдерді енгізу; қоршаған ортаны қорғау / экология (өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, қайта өңдеу және кәдеге жарату, қоршаған ортаның сапасы (ауа, су, топырақ) және т.б.).

Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайларға байланысты Ұйымдастырушылар XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы шеңберінде 2021 жылғы 4-8 қазан аралығында онлайн режимде Байқаудың финалын өткізу және Байқаудың қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғауы үшін конкурстың финалына келесі 12 (он екі) команданы шақыру туралы шешім қабылдады:

"Қоршаған ортаны қорғау/Экология" бағыты бойынша:
1. ReLife, Назарбаев Университет
2. GoGreen, Қазақстан-Британ техникалық университеті
3. Ecolution, Қазақстан-Британ техникалық университеті
4. Buketov Business School, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
5. AirFlux, Торайғыров Университет
6. Eco Harmony, Назарбаев Университет
7. Stardust Crusaders, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

"Мұнай-газ және тау-кен өндіру салалары" бағыты бойынша:
8. Impulse, Назарбаев Университет
9. Oilmen, Сәтпаев Университет

"Энергетика / электр энергетикасы" бағыты бойынша:
10. EcoQadam, Назарбаев Университет
11. PowerX, Назарбаев Университет
12. MUSTWIN, Назарбаев Университет

Анықтама: Энергетика саласындағы инновациялық идеяларды дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған "Student Energy Challenge" зияткерлік командалық байқауын ұйымдастырушылар 2017 жылдан бастап Қазақстанның студент жастары арасында өткізіп келеді.

Байқау туралы толығырақ www.kazenergy.com – сайтында – Білім беру бағдарламасы – Командалық байқаулар
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.