top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge 2024» байқауына қатысушы командаларына арналған оқу тренингтерін өткізу туралы

«Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары «KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы байқаудың 8-маусымына қатысушы командалары үшін төмендегі тақырыптар бойынша ағымдағы жылғы 18-26 маусым аралығындағы кезеңде онлайн тренингтерін өткізетіндігі жөнінде хабарлайды:
  1. «Жобаның қаржы-экономикалық негіздемесін құру» 18 маусымда сағат 14:30-ден сағат 17:00-ге дейін. Тренер - Беймурзинов Дәулет Оразбайұлы, Astana HUB білім беру бағдарламаларының директоры;
  2. «Жобада ESG принциптерін қолдану» 21 маусымда сағат10:00-ден бастап сағат 12:30-ға дейін. Тренер - Құралханов Дархан Қадылбекұлы, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің проректоры;
  3. «Презентацияларды, өзін таныстыру презентацияларын дайындау және көпшілік алдында сөз сөйлеу» 26 маусымда сағат 14:30-дан бастап сағат 16:10-ға дейін. Тренер - Упашева Асылжан Аманжолқызы, NURIS бизнес-инкубаторының басшысы.

Бұл тренингтер энергетика, энергетика саласындағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласындағы байқау бағыттары бойынша жобалық жұмыстардың экономикалық және экологиялық негіздемесі бөлігінде жоба паспорттарын әзірлеу кезінде командаларға жәрдем беруге бағытталған.

Командалар жоба паспорттарын әзірлеуді 2024 жылғы 15 шілдеге дейін жалғастыратын болады.
Байқау туралы барынша толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.